وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ صَلَّى عَلَيَّ صَلَاةً وَاحِدَةً صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ عَشْرَ صَلَوَاتٍ، وَحُطَّتْ عَنْهُ عَشْرُ خَطِيئَاتٍ، وَرُفِعَتْ لَهُ عَشْرُ دَرَجَاتٍ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ. وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنْ أَبِي طَلْحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «جَاءَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ذَاتَ يَوْمٍ وَالْبِشْرُ فِي وَجْهِهِ، فَقُلْنَا: إِنَّا نَرَى الْبِشْرَ فِي وَجْهِكَ؟ فَقَالَ: إِنَّهُ أَتَانِي الْمَلَكُ، فَقَالَ يَا مُحَمَّدُ: إِنَّ رَبَّكَ يَقُولُ أَمَا يُرْضِيكَ أَنْ لَا يُصَلِّيَ عَلَيْكَ أَحَدٌ إِلَّا صَلَّيْتُ عَلَيْهِ عَشْرًا، وَلَا يُسَلِّمُ عَلَيْكَ أَحَدٌ إِلَّا سَلَّمْتُ عَلَيْهِ عَشْرًا».
Әнәс (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Кім маған бір рет салауат айтса, Алла оған он рет салауат етеді, оның он күнәсі өшіріліп, дәрежесі он саты көтеріледі»1.
Нәсәи Әбу Талхадан (р.а.) мына риуаятты да келтіреді: «Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) жүзі жайнап келді. Біз оған:
– Жүзіңізден қуаныш байқап тұрмыз, – дедік.
– Маған періште келіп: “Уа, Мұхаммед! Раббың: ‘Саған бір рет салауат айтқан әр адамға он рет салауат етуіме, саған бір рет сәлем берген әр адамға он рет сәлем беруіме разы болмайсың ба?’ – дейді”, – деді»2.