وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الشِّخِّيرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ يَقْرَأُ ﴿أَلْهَاكُمُ التَّكَاثُرُ﴾، فَقَالَ: «يَقُولُ ابْنُ آدَمَ: مَالِي، مَالِي. وَهَلْ لَكَ يَا ابْنَ آدَمَ مِنْ مَالِكَ إِلَّا مَا أَكَلْتَ فَأَفْنَيْتَ، أَوْ لَبِسْتَ فَأَبْلَيْتَ، أَوْ تَصَدَّقْتَ فَأَمْضَيْتَ؟». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.
Абдулла ибн Шиххир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) “Тәкәсур” сүресін оқып жатқанда, қасына бардым. Ол: “Адам баласы ‘Дәулетім, дәулетім!’ дейді. Уа, Адам баласы! Мал-мүлкіңнен өзіңе тиесілісі – жеп тауысқаның, киіп тоздырғаның немесе садақа етіп, алдыңа жібергенің ғана емес пе?” – деді»1. (Адам қайтыс болғанда, қалған дүние өзге адамдарға қалады.)
- 1Мүслим, «Зуһд», 3–4 (№2958). Нәсәи, «Уәсая», 1 (№3613). Тирмизи, «Тәпсір», «Тәкәсур» сүресі (№3354).