Хадис

Кутуб ситтә, № 211

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
27. Үй құрылысы
Нөмірі
№ 211 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
211
Кутуб ситтә, № 211 · тараудағы реті: 7

وَعَنْ دُكَيْنِ بْنِ سَعِيدٍ الْمُزَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَتَيْنَا رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَسَأَلْنَاهُ الطَّعَامَ، فَقَالَ: “يَا عُمَرُ، اذْهَبْ فَأَعْطِهِمْ”. فَارْتَقَى بِنَا إِلَى عُلِّيَّةٍ، فَأَخْرَجَ الْمِفْتَاحَ مِنْ حُجْزَتِهِ فَفَتَحَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Дукәйн ибн Сағид әл-Музәни (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) ас сұрап бардық. Ол: “Уа, Омар, бар да, бұларға ас бер”, – деді. Омар бізді жоғарғы қабаттағы бөлмеге алып шықты. Белдігінен кілтін алып, есікті ашты»1.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 170-бап (№ 5238).