وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ وابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَكُونُ فِي آخِرِ الزَّمَانِ رِجَالٌ يَخْتِلُونَ الدُّنْيَا بِالدِّينِ، يَلْبَسُونَ لِلنَّاسِ جُلُودَ الضَّأْنِ مِنَ اللِّينِ، أَلْسِنَتُهُمْ أَحْلَى مِنَ الْعَسَلِ وَقُلُوبُهُمْ قُلُوبُ الذِّئَابِ. يَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: أَبِي تَغْتَرُّونَ أَمْ عَلَيَّ تَجْتَرِئُونَ؟ فَبِي حَلَفْتُ لَأَبْعَثَنَّ عَلَى أُولَئِكَ مِنْهُمْ فِتْنَةً تَذَرُ الْحَلِيمَ فِيهِمْ حَيْرَانَ». «الخَتْلُ» الْخِدَاعُ. «وَالِاجْتِرَاءُ» الْجَسَارَةُ عَلَى الشَّيْءِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. « الخَتْلُ» الْخِدَاعُ. «وَالِاجْتِرَاءُ» الْجَسَارَةُ عَلَى الشَّيْءِ.
Әбу Һурайра мен Ибн Омар (Алла оларға разы болсын) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Ақырзаманда дінді пайдаланып дүние табатын адамдар шығады. Олар жұртқа қой терісін жамылғандай жуас көрінеді. Тілдері балдан тәтті, ал жүректері қасқырдың жүрегіндей. Алла тағала: ‘Мені алдамақсыңдар ма, әлде Маған қарсы шығуға батылдарың бара ма? Өзіммен ант етемін! Оларға өзараларынан сондай бір бүлік жіберемін, тіпті ең байсалдыларының өзі аңтарылып қалады’, – дейді”»1.
- 1Тирмизи, «Зүһд», 60 (№ 2404, Әбу Һурайраның риуаяты. № 2405, Ибн Омардың мағыналас риуаяты. Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 2406–2407).