وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ عَلَى مِنْبَرِ النَّبِيِّ ﷺ: «أَمَّا بَعْدُ، أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّهُ نَزَلَ تَحْرِيمُ الْخَمْرِ، وَهِيَ مِنْ خَمْسَةٍ: مِنَ الْعِنَبِ، وَالتَّمْرِ، وَالْعَسَلِ، وَالْحِنْطَةِ، وَالشَّعِيرِ، وَالْخَمْرُ مَا خَامَرَ الْعَقْلَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) мінберіне шығып: “Уа, жұрт! Хамрға тыйым салатын үкім түсті. Хамр бес нәрседен жасалады: жүзімнен, құрмадан, балдан, бидайдан және арпадан. Хамр – ақылды тұмшалайтын нәрсе”, – деді»1.
Түсіндірме
1. Бұл хадистің хамрдың неден жасалатынын тізген бөлігі Тирмизиде Нұғман ибн Бәшир арқылы мәрфуғ, яғни Пайғамбарға (с.а.с.) телінген риуаят ретінде жеткен.
2. Бұл риуаят та ішімдіктің хамрға жату-жатпауын оның шикізаты айқындамайтынын көрсетеді. Тізімде сол дәуірде елге белгілі шикізат аталған. Басқа риуаяттарда оларға жүгері мен күріш те қосылады. Мекен, заман және өндіру тәсілі өзгеріп, басқа шикізаттан ақылды тұмшалайтын сусын, тағам, дәрі немесе екпе жасалса, автор оларды да осы үкімге жатқызады.
- 1Бұхари, «Әшриба», 2, 5 (5581, 5588), «Тәпсір», «Мәида», 10 • Мүслим, «Тәпсір», 32 (3032) • Нәсәи, «Әшриба», 20 (8/295) • Әбу Дәуіт, «Әшриба», 1 (3669) • Тирмизи, «Әшриба», 8 (1873, Омардан жеткен мағыналас риуаят).