وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «نَزَلَ تَحْرِيمُ الْخَمْرِ، وَإِنَّ بِالْمَدِينَةِ يَوْمَئِذٍ لَخَمْسَةَ أَشْرِبَةٍ، مَا فِيهَا شَرَابُ الْعِنَبِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Хамрға тыйым салынған кезде Мәдинада ішімдіктің бес түрі бар еді. Арасында жүзімнен жасалған шарап жоқ болатын»1.
Түсіндірме
Бұл мәселенің түсіндірмесі №2264 хадисте берілген. Онда ханафи ғалымдары Құрандағы «хамр» атауы, ең алдымен, жүзімнен, одан кейін құрмадан жасалған шарапты білдіреді деп түсіндіргені айтылған. Көпшілік ғалымдар бұл атауға мас қылатын нәрсенің бәрін жатқызған.
- 1Бұхари, «Әшриба», 2 (5582), «Тәпсір», «Мәида», 10.