Хадис

Кутуб ситтә, № 2277

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
337. Хамрға тыйым және оның неден жасалатыны
Нөмірі
№ 2277 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
2277
Кутуб ситтә, № 2277 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يُعَرِّضُ بِالْخَمْرِ، وَلَعَلَّ اللَّهَ سَيُنْزِلُ فِيهَا أَمْرًا، فَمَنْ كَانَ عِنْدَهُ مِنْهَا شَيْءٌ فَلْيَبِعْهُ وَلْيَنْتَفِعْ بِهِ». فَمَا لَبِثْنَا إِلَّا يَسِيرًا حَتَّى قَالَ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى حَرَّمَ الْخَمْرَ، فَمَنْ أَدْرَكَتْهُ هَذِهِ الْآيَةُ وَعِنْدَهُ مِنْهَا شَيْءٌ فَلَا يَشْرَبْ وَلَا يَبِعْ». قَالَ: فَاسْتَقْبَلَ النَّاسُ بِمَا عِنْدَهُمْ مِنْهَا فِي طَرِيقِ الْمَدِينَةِ فَسَفَكُوهَا. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Алла тағала хамр туралы ишарат етті. Бәлкім, оған қатысты үкім түсірер. Қолында хамр бар кісі оны сатып, пайдасын көрсін”, – деді. Арада аз уақыт өткенде Алла елшісі (с.а.с.): “Алла тағала хамрды харам етті. Осы аят өзіне жеткенде қолында хамр бар кісі оны ішпесін де, сатпасын да”, – деді.

Сонда жұрт қолындағы ішімдігін Мәдинаның көшесіне шығарып төкті»1.

  1. 1Мүслим, «Мусақат», 67 (1578). «Тәйсирдегі» мәтіннің соңғы тыйымы «сатып алмасын, сатпасын және пайдаланбасын» деп келеді. Осы жерде Мүслим нұсқасының сөзі берілді.