وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَتَحَرَّى أَحَدُكُمْ فَيُصَلِّيَ عِنْدَ طُلُوعِ الشَّمْسِ، وَلَا عِنْدَ غُرُوبِهَا». أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ وَالنَّسَائِيُّ.
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Ешқайсың намаз оқу үшін күннің шығар немесе батар шағын әдейі таңдамаңдар», – дегенін жеткізген1.
Түсіндірме
Бұл – күн шығып, батып бара жатқанда намаз оқуға тыйым салынғанын білдіретін хадистердің бірі. «Тахарри» сөзінің мағынасы – белгілі бір сәтті әдейі іздеп, таңдау. Демек, Алла елшісі (с.а.с.) намазға осы уақыттарды әдейі белгілеуге тыйым салған.
Осы мағынадағы өзге риуаяттар төменде келтіріледі.
- 1Бұхари, «Мауақит», 30–31, «Хаж», 73; Мүслим, «Мусафирин», 289 (828); Мәлик, «Муатта», «Құран», 47 (1/220); Нәсәи, «Мауақит», 33 (1/277).