Хадис

Кутуб ситтә, № 2454

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
348. Азанның басталуы
Нөмірі
№ 2454 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
2454
Кутуб ситтә, № 2454 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд (р.а.)

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا أَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالنَّاقُوسِ يُعْمَلُ لِيُضْرَبَ بِهِ لِلنَّاسِ لِجَمْعِ الصَّلَاةِ طَافَ بِي وَأَنَا نَائِمٌ رَجُلٌ يَحْمِلُ نَاقُوسًا فِي يَدِهِ، فَقُلْتُ يَا عَبْدَ اللَّهِ؟ أَتَبِيعُ النَّاقُوسَ؟ قَالَ: وَمَا تَصْنَعُ بِهِ؟ فَقُلْتُ: نَدْعُو بِهِ إِلَىٰ الصَّلَاةِ. قَالَ: أَفَلَا أَدُلُّكَ عَلَى مَا هُوَ خَيْرٌ مِنْ ذَلِكَ؟ فَقُلْتُ لَهُ بَلَى. قَالَ تَقُولُ: اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمّدًا رَسُولُ اللَّهِ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّداً رَسُولُ اللَّهِ، حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ. قَالَ: ثُمَّ اسْتَأْخَرَ عَنِّي غَيْرَ بَعِيدٍ. ثُمَّ قَالَ: ثُمَّ تَقُولُ إِذَا أَقَمْتَ الصَّلَاةَ: اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمّدًا رَسُولُ اللَّهِ، حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ، حَيَّ عَلَى الْفَلَاحِ، قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ، قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَكْبَرُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ. فَلَمَّا أَصْبَحْتُ أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَأَخْبَرْتُهُ بِمَا رَأيْتُ. فَقَالَ: إِنَّهَا لَرُؤْيَا حَقٍّ إِنْ شَاءَ اللَّهُ. فَقُمْ مَعَ بِلَالٍ فَأَلْقِ عَلَيْهِ مَا رَأيْتَ فَلْيُؤَذِّنْ بِهِ فَإِنَّهُ أَنْدَى صَوْتاً مِنْكَ. فَقُمْتُ مَعَ بِلَالٍ فَجَعَلْتُ أُلْقِيهِ عَلَيْهِ وَيُؤَذِّنُ بِهِ، فَسَمِعَ ذَلِكَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَهُوَ فِي بَيْتِهِ فَخَرَجَ وَهُوَ يَجُرُّ رِدَاءَهُ، يَقُولُ يَا رَسُولَ اللَّهِ: وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ لَقَدْ رَأيْتُ مِثْلَ الَّذِي أُرِيَ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَلِلَّهِ الْحَمْدُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَفِي أخْرَى: «فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ أنَا رَأيْتُهُ وَأَنَا كُنْتُ أُرِيدُهُ. قَالَ: فَأقِمْ أَنْتَ». وَفِي رِوَايَةٍ لِلتِّرْمِذِيِّ: «وَذَكَرَ قِصَّةَ الْأَذَانِ مَثْنًى مَثْنًى، وَ الْإقَامَةَ مَرَّةً». وَفِي أخْرَى لَهُ قَالَ: «كَانَ أذَانُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ شَفْعاً شَفْعاً فِي الْأَذَانِ وَالْإقَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жұртты намазға жинау үшін қоңырау жасауды бұйырды. Содан кейін түсімде қолына қоңырау ұстаған бір кісі қасыма келді. Оған:

– Уа, Алланың құлы, қоңырауыңды сатасың ба? – дедім.

– Оны не істемексің? – деп сұрады ол.

– Онымен жұртты намазға шақырамыз, – дедім.

– Саған бұдан қайырлы жолды көрсетейін бе? – деді.

– Әрине, – дедім.

– Онда былай айт, – деп азан сөздерін үйретті:

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ!

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ!

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ!

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ!

Хаййә алас-салаһ! Хаййә алас-салаһ!

Хаййә алал-фалаһ! Хаййә алал-фалаһ!

Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Лә иләһә иллаллаһ!»

Абдулла ибн Зәйд (р.а.) сөзін жалғады: «Әлгі кісі менен сәл әрірек барып, намазға тұрарда былай айтуымды үйретті»:

«Аллаһу әкбар» (екі рет).

«Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ» (бір рет).

«Әшһәду әннә Мұхаммәдәр-расулуллаһ» (бір рет).

«Хаййә алас-салаһ» (бір рет).

«Хаййә алал-фалаһ» (бір рет).

«Қад қаматис-салаһ» (екі рет).

«Аллаһу әкбар» (екі рет).

«Лә иләһә иллаллаһ» (бір рет).

Абдулла сөзін жалғады: «Таң атқанда Алла елшісіне (с.а.с.) барып, түсімді айтып бердім. Ол:

– Алла қаласа, бұл – шынайы түс. Біләлмен бірге тұр да, көргеніңді оған үйрет. Ол сол сөздермен азан шақырсын, өйткені оның дауысы сенікіне қарағанда зор әрі әуезді, – деді. Мен Біләлмен бірге тұрып, сөздерді үйреттім, ол азан шақырды. Мұны үйінде отырған Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) естіп, жамылғысын сүйрете сыртқа шықты да:

– Уа, Алланың елшісі, сізді хақпен жіберген Аллаға ант етемін, мен де соған ұқсас түс көрдім! – деді. Мұны естіген Алла елшісі (с.а.с.):

– Аллаға мақтау болсын! – деді».1

Тағы бір нұсқада Біләл азан айтқан соң, Абдулла: «Оны мен түсімде көрдім, өзім айтқым келген еді», – деген. Алла елшісі (с.а.с.): «Онда қаматты сен айт», – деп жауап берген.2

Тирмизи жеткізген бір риуаятта Абдулла ибн Зәйд азан сөздерін екі-екіден, қамат сөздерін бір-бірден айтып берген.

Тирмизи жеткізген өзге риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) тұсында азан мен қамат сөздері екі-екіден айтылғаны баяндалады.

Түсіндірме

Тирмизиден алынған екі нұсқаның біріншісінде азан сөздері екі-екіден, қамат сөздері бір-бірден айтылады. Шафиғи, Ахмад және ғұламалардың көпшілігі осы риуаятты негізге алып, қамат сөздерін басы мен соңындағы тәкбірден басқа жерде бір-бірден айту керек деген. Екінші нұсқада азан мен қамат сөздері екі-екіден айтылады. Әбу Ханифа мен шәкірттері осы пікірді ұстанған.

Ханафи ғұламаларының, Сәуридің, Ибн әл-Мүбәрактың және Куфа ғалымдарының пікірінше, қамат пен азанның сөздері бірдей. Тек қаматта «Қад қаматис-салаһ» екі рет қосылады. Олар Әбу Дәуіт пен Тирмизидегі Абдулла ибн Зәйд хадисін дәлел еткен.

Шафиғи, Ахмад ибн Ханбал және ғұламалардың көбі қамат он бір сөйлемнен тұрады деген. Басындағы және соңындағы тәкбір мен «Қад қаматис-салаһ» екі реттен, өзге сөздер бір-бір рет айтылады. Бұған төмендегі Әнәс риуаяты дәлел етілген. Имам Мәлік «Қад қаматис-салаһ» бір рет айтылады деген. Шафиғидің бұрынғы пікірі де осындай болған. Омардың (р.а.) көрген түсі Абдулланың түсін қуаттағандықтан, Алла елшісі (с.а.с.) Аллаға шүкір еткен.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (499). Тирмизи, «Салат» (189), мағыналас нұсқа.
  2. 2Әбу Дәуіт, «Салат» (512).