Хадис

Кутуб ситтә, № 2462

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
348. Азанның басталуы
Нөмірі
№ 2462 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 12
2462
Кутуб ситтә, № 2462 · тараудағы реті: 12Риуаят етуші: Біләл (р.а.)

وَعَنْ بِلَالٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَا تُثَوِّبَنَّ فِي شَيْءٍ مِنَ الصَّلَاةِ إِلَّا فِي صَلَاةِ الْفَجْرِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Біләл (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) маған: “Таң намазынан басқа ешбір намазда тәсуиб жасама!” – деді».1

Түсіндірме

№ 2460 хадисте түсіндірілгендей, мұндағы тәсуиб – таң намазының азанында «Әс-салату хайрун минән-нәум» деп айту. Алла елшісі (с.а.с.) бұл сөзді таң намазының азанында айтуға рұқсат беріп, өзге намаздардың азанына қосуға тыйым салған.

  1. 1Тирмизи, «Салат» (198). Ибн Мәжа, «Азан» (715), мағыналас риуаят.