Хадис

Кутуб ситтә, № 2477

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
349. Азан тарихында есімі аталатын сахабалар
Нөмірі
№ 2477 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 14
2477
Кутуб ситтә, № 2477 · тараудағы реті: 14Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

وَعَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَوْ عَنْ بَعْضِ أَصْحَابِ رَسُولِ اللّه ﷺ: «أَنَّ بِلَالًا أَخَذَ فِي الْإِقَامَةِ، فَلَمَّا أَنْ قَالَ: قَدْ قَامَتِ الصَّلَاةُ؛ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَقَامَهَا اللَّهُ وَأَدَامَهَا؛ وَقَالَ فِي سَائِرِ الْإِقَامَةِ كَنَحْوِ حَدِيثِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ الْمَذْكُورِ فِي فَضَائِلِ الْأَذَانِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Умамадан (р.а.) немесе Алла елшісінің (с.а.с.) өзге бір сахабасынан жеткен риуаят бойынша, бірде Біләл (р.а.) қамат айтып, «Қад қаматис-салаһ» дегенде, Алла елшісі (с.а.с.): «Алла намазды орнықты әрі тұрақты етсін», – деді. Қаматтың қалған сөздеріне азанның артықшылықтары тарауында келтірілген Омардың (р.а.) хадисіндегідей жауап берді.1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (528).