Хадис

Кутуб ситтә, № 2621

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
363. Құныт
Нөмірі
№ 2621 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 10
2621
Кутуб ситтә, № 2621 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَفْضَلُ الصَّلَاةِ طُولُ الْقُنُوتِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَالْمُرَادُ «بِالْقُنُوتِ» هُنَا الْقِيَامِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Намаздың ең абзалы – қиямы ұзақ болғаны».1

Түсіндірме

1. Соңғы үш хадис намаздағы құнытқа қатысты. Соңғы риуаят «Тәйсирде» Жәбирдің өз сөзі ретінде берілген. Тирмизиде оның мәрфуғ нұсқасы келген: «Алла елшісінен (с.а.с.): “Қай намаз абзал?” – деп сұралғанда: “Құныты ұзағырақ болғаны”, – деді». Ғалымдар мұндағы құнытты қиям деп түсіндірген. Демек, хадис намаздың қырағатын мүмкіндігінше ұзақ оқуға үндейді.

Хадистен қиямның рукуғ пен сәждеден абзал екені де аңғарылады. Шәфиғи және өзге де көптеген ғалым осы пікірді ұстанған.

2. Үтірде оқылатын дұғалар әртүрлі риуаятта келген. Бұл Алла елшісінің (с.а.с.) сол дұғалардың бәрін оқығанын көрсетеді.

  1. 1Мүслим, Мусафирин: 164, (756); Тирмизи, Салат: 285, (387).