Хадис

Кутуб ситтә, № 2622

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
364. Тәшәһһуд
Нөмірі
№ 2622 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2622
Кутуб ситтә, № 2622 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «عَلَّمَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ التَّشَهُّدَ، كَفِّي بَيْنَ كَفَّيْهِ كَمَا يُعَلِّمُنِي السُّورَةَ مِنَ الْقُرْآنِ: التَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَالصَّلَوَاتُ وَالطَّيِّبَاتُ، السَّلَامُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وبَرَكَاتُهُ، السَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ، أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ». زَادَ فِي رِوَايَةٍ بَعْدَ عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ «فَإِنَّكُمْ إِذَا فَعَلْتُمْ ذَلِكَ فَقَدْ سَلَّمْتُمْ عَلَى كُلِّ عَبْدٍ صَالِحٍ فِي السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) алақанымды қос алақанының арасына алып, Құран сүресін үйреткендей маған мына тәшәһһудті үйретті: “Барша тағзым, құлшылық пен ізгі сөз1 Аллаға тән. Уа, Пайғамбар! Саған Алланың сәлемі, рақымы мен берекесі болсын. Бізге және Алланың ізгі құлдарына сәлем болсын. Алладан басқа құдай жоқ екеніне куәлік етемін. Мұхаммед Алланың елшісі екеніне куәлік етемін”».

Басқа риуаятта «Алланың ізгі құлдары» деген сөзден кейін: «Осылай айтсаңдар, көк пен жердегі барша ізгі құлға сәлем берген боласыңдар», – деген қосымша бар.

  1. 1Осы сөйлемдер төменде жеке-жеке түсіндіріледі.