وَعَنْ وَائِلٍ بْنِ حَجَرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «افْتَرَشَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رِجْلَهُ الْيُسْرَى، وَرَفَعَ يَدَهُ يَعْنِى عَلَى فَخِذِهِ الْيُسْرى، وَنَصَبَ الْيُمْنَى». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِي وَصَحَّحَهُ وَالنَّسَائِيُّ. وَعِنْدَهُ: «وَوَضَعَ ذِرَاعَيْهِ عَلَى فَخِذَيْهِ، وَأَشَارَ بِالسَّبَّابَةِ يَدْعُو».
Қазақша аудармасы
Уаил ибн Хужр (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сол аяғын жерге төсеп, сол қолын сол санының үстіне қоятын. Оң аяғын тік тірейтін».
Нәсәидің риуаятында: «Екі қолын санына қойып, сұқ саусағымен ишара жасай отырып дұға ететін», – делінген.1
- 1Тирмизи, Салат: 218, (292); Нәсәи, Сәһу: 30, (3, 35).