Хадис

Кутуб ситтә, № 2922

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
396. Сапарда оқылатын нәпіл намаздар
Нөмірі
№ 2922 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
2922
Кутуб ситтә, № 2922 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «اعْتَمَرْتُ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنَ الْمَدِينَةِ حَتَّى إِذَا قَدِمْتُ مَكَّةَ قُلْتُ: بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَصَرْتَ وَأَتْمَمْتُ وَأَفْطَرْتَ وَصُمْتُ؟ قَالَ: أَحْسَنْتِ يَا عَائِشَةُ وَمَا عَابَ عَلَيَّ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге ұмра өтеу үшін Мәдинадан Меккеге бардым. Меккеге жеткенде: “Уа, Алла елшісі! Әкем де, анам да сізге пида болсын! Сіз намазды қысқартып оқыдыңыз, мен толық оқыдым. Сіз ораза ұстамадыңыз, мен ұстадым”, – дедім. Ол: “Жақсы істедің, Айша”, – деді де, мені кінәламады».1

Түсіндірме

Бұл хадис сапарда намазды қысқартып оқудың уәжіп еместігіне дәлел ретінде келтірілген. Оның уәжіптігіне дәлел етілетін риуаяттар да бар.

  1. 1Нәсәи, Тақсиру әс-Салат: 4, (3, 122).