وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَجْتَهِدُ فِي رَمَضَانَ مَا يَجْتَهِدُ فِي غَيْرِهِ، وَفِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ أَشَدَّ، وَكَانَ يُحْيِي لَيْلَهُ وَيُوقِظُ أَهْلَهُ وَيَشُدُّ مِئْزَرَهُ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ. «شَدُّ الْمِئْزَرِ» كِنَايَةٌ عَنْ اجْتِنَابِ النِّسَاءِ أَوْ عَنْ الْجِدِّ وَالِاجْتِهَادِ فِي الْعَمَلِ.
Айша (р.а.) айтты: «Алла елшісі (с.а.с.) рамазанда өзге айлардағыдан әлдеқайда көп құлшылық ететін. Соңғы он күнінде ынтасын одан сайын арттырып, түнді құлшылықпен өткізетін, отбасын оятатын әрі белін буатын».1
Түсіндірме
1. Хадистен Пайғамбардың рамазан айында көп уақытын Алланы еске алумен өткізгені байқалады. Айдың соңғы он күнінде зікірін бұрынғыдан да көбейтетін. Уақытының денін зікір, ғибадат, тәубе секілді құлшылықтарға арнайтын. Рамазан – қасиетті ай, осы айда істелген құлшылықтың сауабы да мол. Құранда рамазандағы Қадір түнінің мың айдан қайырлы екені айтылған. Қай түн екені белгісіз болғандықтан, рамазанның әр түні қасиетті. Қадір түнінің соңғы он күнде болуы ықтимал. Сондықтан осы күндері құлшылыққа бар ынтасын салып, әр түнді Қадір түні шығар деген үмітпен өткізу керек. Алла елшісі (с.а.с.) осылай істеген.
2. «Белін буатын» деген тіркесті ғалымдар астарлы мағынада түсінген. Пайғамбар (с.а.с.) соңғы он күнде жұбайларына жақындамай, уақытын құлшылыққа арнаған. Бұл тіркес құлшылыққа бар ынтасымен кіріскенін де білдіреді.
- 1Бұхари, «Қадір түнінің артықшылығы», 5 (2024); Мүслим, «Итиқаф», 8 (1175); Әбу Дәуіт, «Салат», 318 (1376); Тирмизи, «Саум», 73 (796); Нәсәи, «Қиямул-ләйл», 17 (3/218).