وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَصَابَنَا مَطَرٌ وَنَحْنُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَحَسَرَ ثَوْبَهُ حَتَّى أَصَابَهُ مِنَ الْمَطَرِ، فَقُلْنَا: لِمَ صَنَعْتَ هَذَا؟ قَالَ: لِأَنَّهُ حَدِيثُ عَهْدٍ بِرَبِّهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Әнәс (р.а.) айтты: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге жүргенде жаңбыр жауды. Ол жаңбыр денесіне тисін деп киімін ашты. Біз: “Мұны не үшін істедіңіз?” – деп сұрадық. Ол: “Ол Раббысы тарапынан жаңа ғана келді”, – деді».1
Түсіндірме
1. Жаңбырдың Алла тарапынан жаңа келгені оның рақым екенін, Алла оны жаңа ғана жаратқанын және одан береке іздеуге болатынын білдіреді.
2. Жаңбыр суын тәбәрік ниетімен денеге тигізу – мұстахаб. Нәуәуидің пікірінше, әурет жерінен өзге мүшелерді жаңбыр суына тосуға болады. Кейбір ғалымдар осы үкімді қолдаған.
3. Білімді кісі бір іс істесе, басқалар оның себебін біліп, өздері де соған сай амал ету үшін сұрағаны абзал.
4. Жаңбыр суы құдық суынан артық.
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 114 (5100); Мүслим, «Истисқа», 13 (898).