Хадис

Кутуб ситтә, № 3057

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
412. Жаназа намазы
Нөмірі
№ 3057 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
3057
Кутуб ситтә, № 3057 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ شَهِدَ الْجَنَازَةَ حَتَّى يُصَلَّى عَلَيْهَا فَلَهُ قِيرَاطٌ، وَمَنْ شَهِدَهَا حَتَّى تُدْفَنَ فَلَهُ قِيرَاطَانِ، وَالْقِيرَاطُ مِثْلُ أُحُدٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَهَذَا لَفْظُ الْبُخَارِيِّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) айтты: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Жаназа намазы оқылғанша қатысқан кісіге бір қират, жерленгенше қатысқан кісіге екі қират сауап беріледі. Бір қираттың мөлшері – Ұхұд тауындай”».1

  1. 1Бұхари, «Жанаиз», 59; Мүслим, «Жанаиз», 57 (946); Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 45 (3168); Нәсәи, «Жанаиз», 54, 59 (4, 54–55, 76, 77); Тирмизи, «Жанаиз», 49 (1040); Ибн Мәжа, «Жанаиз», 34 (1539).