Хадис

Кутуб ситтә, № 3130

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
421. Нәпіл оразаға ниет ету
Нөмірі
№ 3130 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
3130
Кутуб ситтә, № 3130 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ذَاتَ يَوْمٍ: «هَلْ عِنْدَكُمْ شَيْءٌ؟» قُلْتُ: لَا. قَالَ: «فَإِنِّي صَائِمٌ». فَلَمَّا خَرَجَ أُهْدِيَتْ لَنَا هَدِيَّةٌ، أَوْ جَاءَنَا زَوْرٌ، فَلَمَّا رَجَعَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أُهْدِيَتْ لَنَا هَدِيَّةٌ، أَوْ جَاءَنَا زَوْرٌ، وَقَدْ خَبَّأْتُ لَكَ شَيْئًا. قَالَ: «مَا هُوَ؟» قُلْتُ: حَيْسٌ. قَالَ: «هَاتِيهِ». فَجِئْتُ بِهِ فَأَكَلَ، ثُمَّ قَالَ: «كُنْتُ أَصْبَحْتُ صَائِمًا». قَالَ مُجَاهِدٌ رَحِمَهُ اللَّهُ تَعَالَى: إِنَّمَا ذَلِكَ بِمَنْزِلَةِ رَجُلٍ يُخْرِجُ الصَّدَقَةَ مِنْ مَالِهِ، فَإِنْ شَاءَ أَمْضَاهَا، وَإِنْ شَاءَ أَمْسَكَهَا. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيَّ.

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алла елшісі (с.а.с.): “Жеуге бірдеңе бар ма?” – деп сұрады. “Жоқ”, – дедім. Ол: “Онда ораза ұстаймын”, – деді. Ол кеткен соң, бізге сыйлық келді немесе бір топ қонақ келді. Алла елшісі қайтып келгенде: “Уа, Алланың елшісі! Бізге сыйлық келді (немесе қонақтар келді). Сізге біразын алып қойдым”, – дедім. “Ол не?” – деп сұрады. “Хайс”, – дедім. “Әкелші”, – деді. Мен әкеліп бердім, ол жеді. Содан соң: “Бүгін таңды ораза ұстаған күйде атырған едім”, – деді».1

Мүжаһид (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді: «Бұл малынан садақа бөліп қойған адамға ұқсайды. Қаласа, садақасын береді. Қаламаса, өзінде қалдырады». Демек, нәпіл ораза ұстаған адам қаласа оразасын соңына дейін жеткізеді, қаласа аузын ашады.

  1. 1Мүслим, «Сиям», 169 (№ 1154). Нәсәи, «Саум», 67, (4, 193–195). Тирмизи, «Саум», 35, (733, 734). Әбу Дәуіт, «Саум», 72 (№ 2455).