Хадис

Кутуб ситтә, № 3143

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
423. Сүю және құшақтау
Нөмірі
№ 3143 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
3143
Кутуб ситтә, № 3143 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، صَنَعْتُ الْيَوْمَ أَمْرًا عَظِيمًا، قَبَّلْتُ وَأَنَا صَائِمٌ. قَالَ: «أَرَأَيْتَ لَوْ مَضْمَضْتَ مِنَ الْمَاءِ وَأَنْتَ صَائِمٌ؟» قَالَ عِيسَى بْنُ حَمَّادٍ فِي حَدِيثِهِ: قُلْتُ: لَا بَأْسَ بِهِ. قَالَ: «فَمَهْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَقَوْلُهُ «فَمَهْ» أَيْ: فَمَاذَا عَلَيْهِ؟ وَالْهَاءُ لِلسَّكْتِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Омар ибн әл-Хаттаб: “Уа, Алланың елшісі! Бүгін үлкен іс істеп қойдым. Ораза ұстап жүріп, жұбайымды сүйдім”, – деді. Алла елшісі: “Ораза ұстап жүріп аузыңды сумен шайсаң, оған не дер едің?” – деп сұрады. Иса ибн Хаммад жеткізген нұсқада Омар: “Оның еш сөкеттігі жоқ”, – деген. Алла елшісі: “Ендеше, неге алаңдайсың?”1 – деді».

Түсіндірме

Хадисте Омардың (р.а.) ораза ұстап жүріп жұбайын сүйген соң, үлкен қате жібердім деп алаңдап, Алла елшісіне барғаны айтылады. Пайғамбарымыз дәрет аларда ауызды сумен шаю оразаны бұзбайтыны сияқты, сүюдің де оразаны бұзбайтынын ұғындырды. Ауызды сумен шаю – су ішуге, ал сүю жыныстық қатынасқа бастайтын әрекет. Алайда әрқайсысының үкімі өз алдына.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Саум», 33 (№ 2385).