Хадис

Кутуб ситтә, № 3183

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
434. Ораза сүннеттері
Нөмірі
№ 3183 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
3183
Кутуб ситтә, № 3183 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

وَعَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ أَتَسَحَّرُ فِي أَهْلِي، ثُمَّ تَكُونُ بِي سُرْعَةٌ أَنْ أُدْرِكَ صَلَاةَ الْفَجْرِ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) «Сәресіні отбасыммен бірге ішетінмін. Содан соң таң намазын Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге оқып үлгеру үшін асыға жөнелетінмін», – деген.1

Түсіндірме

Бұл риуаят сахабалардың сәресіні таң сөгілер мезгілге таяу ішкенін көрсетеді. Алдыңғы хадисте де таң намазының уақыты кіріп кетпеуін ескере отырып, сәресіні кейінірек ішудің мұстахаб екені айтылды.

Риуаяттан Алла Елшісінің (с.а.с.) таң намазын уақыты кірген бойда, әлі қараңғы кезде оқығаны да көрінеді.

  1. 1Бұхари, «Саум», 18 (№1920) және «Намаз уақыттары», 27 (№577). Мұндағы мәтін «Намаз уақыттары» бөліміндегі нұсқаға сәйкес.