Хадис

Кутуб ситтә, № 3230

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
439. Кәффарат
Нөмірі
№ 3230 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
3230
Кутуб ситтә, № 3230 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: مَنْ مَاتَ وَعَلَيْهِ صِيَامُ شَهْرِ رَمَضَانَ، فَلْيُطْعِمْ مَكَانَ كُلِّ يَوْمٍ مِسْكِينًا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ، وَصَحَّحَ وَقْفَهُ عَلَى ابْنِ عُمَرَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Рамазан оразасының қазасы мойнында қалып дүние салған адамның атынан әр күн үшін бір міскін тамақтандырылсын», – деген. Тирмизи мұның Ибн Омардың өз сөзі ретінде жеткен нұсқасын дұрыс санаған.1

Түсіндірме

Тирмизи осы хадисті келтірген соң былай түсіндіреді: «Бұл мәселеде ғалымдар әртүрлі пікір айтқан. Кейбірі “Қайтыс болған адамның атынан ораза ұсталады” деген. Ахмад ибн Ханбал мен Исхақ ибн Раһауайһтың пікірінше, оның мойнында нәзір оразасы қалса, атынан ораза ұсталады. Ал Рамазан оразасы қалса, пидия беріледі. Имам Мәлик, Суфиян және Имам Шәфиғи “Ешкім басқа біреудің орнына ораза ұстай алмайды” деген».

Ханафилер де бір адамның екінші біреудің орнына ораза ұстауына болмайды деген. Ғалымдардың түсіндіруінше, намаз бен ораза сияқты денемен атқарылатын құлшылықты тірі адамның да, қайтыс болған адамның да орнына орындауға болмайды. Адам өз атынан ұстаған оразасының немесе оқыған намазының сауабын басқа біреуге бағыштай алады.

Қайтыс болған адамның атынан ораза ұстауға болады деген ғалымдар да осы мәселеге қатысты риуаяттарға сүйенген. Олардың бірқатарын №3220 және №3221 риуаяттарда келтіріп, түсіндірмесін сол жерде бердік.

  1. 1Тирмизи, «Саум», 23-тарау, №718.