Хадис

Кутуб ситтә, № 3229

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
439. Кәффарат
Нөмірі
№ 3229 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
3229
Кутуб ситтә, № 3229 · тараудағы реті: 3

وَعَنْهُ: «أَنَّهُ بَلَغَهُ أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا سُئِلَ عَنِ الْحَامِلِ إِذَا خَافَتْ عَلَى وَلَدِهَا، وَاشْتَدَّ عَلَيْهَا الصِّيَامُ، فَقَالَ: تُفْطِرُ وَتُطْعِمُ مَكَانَ كُلِّ يَوْمٍ مِسْكِينًا مُدًّا مِنْ حِنْطَةٍ بِمُدِّ النَّبِيِّ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Имам Мәликке жеткен хабарда Абдулла ибн Омардан (р.а.) «Жүкті әйел баласы үшін қауіптенсе әрі ораза ұстау оған ауыр тисе, не істейді?» – деп сұраған. Ол: «Ораза ұстамайды. Ұсталмаған әр күн үшін бір міскінге Пайғамбардың (с.а.с.) өлшемімен бір муд бидай береді», – деп жауап берген.1

Түсіндірме

Имам Мәлик риуаяттың жалғасында ғалымдардың жүкті әйел кейін қазасын өтейді деп үкім бергенін айтады. Олар «Кім науқас не сапарда болса, басқа күндерде сол күндердің санын толтырсын» деген аятқа сүйеніп («Бақара», 185-аят), құрсағындағы баласына қауіптенген әйелді науқас адамға берілген жеңілдікке жатқызған.

Бұл мәселеде фиқһ ғалымдары жүкті және бала емізетін әйел оразасының қазасын өтейді, пидия бермейді деген. Жолаушылық немесе науқастық сияқты шариғи себеппен ораза ұстамаған адам қазасын өтеуге мүмкіндік таппай дүние салса, пидия міндеттелмейді. Пидия беруді өсиет еткен болса, ол қалдырған мүлкінің үштен бірінен өтеледі. Ал қазасын толық не ішінара өтеуге шамасы келе тұра оны өтемей дүние салғалы жатқан кісі, малы болса, ұстамаған күндеріне пидия беруді өсиет еткені жөн. Пидия сол мүліктің үштен бірінен беріледі.

  1. 1Муатта, «Сиям», №52 (1/308).