Хадис

Кутуб ситтә, № 354

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
44. Мал және соған ұқсас айырбас түрлері
Нөмірі
№ 354 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
354
Кутуб ситтә, № 354 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «الْحَيَوَانُ اثْنَانِ بِوَاحِدٍ لَا يَصْلُحُ نَسِيئًا، وَلَا بَأْسَ بِهِ يَدًا بِيَدٍ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді: «Екі малды бір малға төлемін кейінге қалдырып айырбастауға болмайды. Екі жағы да малын сол жерде табыстаса, оқасы жоқ»1.

  1. 1Тирмизи, «Буюғ», 21 (№1238). Ибн Мәжа, «Тижарат», 56 (№2271). Тирмизи хадисті хасан сахих деп бағалаған.