Хадис

Кутуб ситтә, № 356

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
44. Мал және соған ұқсас айырбас түрлері
Нөмірі
№ 356 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
356
Кутуб ситтә, № 356 · тараудағы реті: 7

وَعَنِ ابْنِ شِهَابٍ أَنَّ سَعِيدَ بْنَ الْمُسَيَّبِ رَحِمَهُ اللَّهُ كَانَ يَقُولُ: «لَا رِبَا فِي الْحَيَوَانِ، وَأَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِنَّمَا نَهَى فِي بَيْعِ الْحَيَوَانِ عَنْ ثَلَاثٍ: الْمَضَامِينِ، وَالْمَلَاقِيحِ، وَحَبَلِ الْحَبَلَةِ. فَالْمَضَامِينُ: مَا فِي بُطُونِ إِنَاثِ الْإِبِلِ، وَالْمَلَاقِيحُ: مَا فِي ظُهُورِ الْجِمَالِ، وَحَبَلُ الْحَبَلَةِ: هُوَ بَيْعُ الْجَزُورِ إِلَى أَنْ تُنْتَجَ النَّاقَةُ، ثُمَّ تُنْتَجُ الَّتِي فِي بَطْنِهَا». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ مُفَسِّرًا بِهَذَا اللَّفْظِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Шиһабтың айтуынша, Сағид ибн әл-Мусәйяб (Алла оны рақымына алсын) былай дейтін: «Малда риба жоқ. Алла елшісі (с.а.с.) мал саудасының үш түріне ғана тыйым салды. Олар – мәзамин, мәләкиһ және хабәл әл-хабәлә.

Мәзамин – ұрғашы түйенің құрсағындағы ботаны сату.

Мәләкиһ – бураның ұрығын сату.

Хабәл әл-хабәлә – буаз түйе боталап, одан туған ұрғашы бота өсіп, өзі де боталағанға дейін төлемін кейінге қалдырып, түйе сату».1

وَالْمَعْرُوفُ عِنْدَ أَهْلِ اللُّغَةِ وَالْغَرِيبِ وَالْفِقْهِ تَفْسِيرُ الْمَضَامِينِ وَالْمَلَاقِيحِ بِعَكْسِ ذَلِكَ، وَاللَّهُ أَعْلَمُ.

Имам Мәлик бұл атауларды осылай түсіндірген. Сирек сөздерді зерттеген тіл мамандары мен фиқһ ғалымдары «мәзамин» мен «мәләкиһ» атауларына бір-бірінің мағынасын берген. Анығын Алла біледі2.

Түсіндірме

Шафиғи осы риуаятқа сүйеніп, малды бір түліктің ішінде де, әртүрлі түлік арасында да қолма-қол не төлемін кейінге қалдырып айырбастауға болады деп есептеген. Әртүрлі түлікті төлемін кейінге қалдырып айырбастау риба саналмайды. Имам Мәлик бір түліктің малын сол түліктің малына төлемін кейінге қалдырып айырбастауға рұқсат бермеген.

  1. 1Мәлик, «Муатта», «Буюғ», 63 (2/654, арабша нөмірі 1355). Ибн Омардың «хабәл әл-хабәлә» туралы риуаяты «Муаттада» (№1354) және Бұхариде (№2143) берілген.
  2. 2Мәлик, «Муатта», «Буюғ», 63 (2/654, арабша нөмірі 1355). Ибн Омардың «хабәл әл-хабәлә» туралы риуаяты «Муаттада» (№1354) және Бұхариде (№2143) берілген.