وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ «خَيَّرَ أَعْرَابِيًّا بَعْدَ الْبَيْعِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَقَالَ: «هَذَا حَدِيثٌ حَسَنٌ غَرِيبٌ».
Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сауда жасалғаннан кейін бір бәдәуиге мәмілені бекіту не бұзу еркін берді»1.
Түсіндірме
Бұл риуаятта Алла елшісінің (с.а.с.) ұсыныс жасалып, ол қабылданған соң бәдәуиге таңдау құқығын бергені айтылады. Тиби хадистің сыртқы мағынасы Әбу Ханифаның пікірін қуаттайтынын айтады. Оның пайымынша, тараптар келісімін білдіргеннен кейін де мәжілістегі таңдау құқығы өздігінен сақталса, Пайғамбарымыздың қосымша таңдау беруі қажет болмас еді. Бұған берілген жауап бойынша, шартсыз келген бұл хадис тиісті шектеуі бар риуаятқа сай түсіндіріледі. Ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта «Сауда жасасқан екі жақ бір-бірінен ажырағанға дейін таңдау құқығына ие. Таңдау шартымен жасалған сауданың жөні бөлек» делінген. Ондай мәміледе таңдау құқығы келісілген шартқа сай сақталады.
- 1Тирмизи, «Сауда-саттық», 27 (№1249). Тирмизидің қолжетімді басылымында «хасан ғариб» делінген. «Мишкәт әл-масабихта» Тирмизиге телінген баға «хасан сахих ғариб» (№2806).