Хадис

Кутуб ситтә, № 3355

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
454. Өзара қолдау мен жәрдемдесу
Нөмірі
№ 3355 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
3355
Кутуб ситтә, № 3355 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әбу Дәрда (р.а.)

وَعَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ ذَبَّ عَنْ عِرْضِ أَخِيهِ رَدَّ اللَّهُ النَّارَ عَنْ وَجْهِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбуд-Дәрда (р.а.) жеткізеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) “Кімде-кім бауырының абыройын қорғаса, Қиямет күні Алла оның жүзін тозақ отынан қорғайды”, – деді»1.

Түсіндірме

1. «Ирд» – адамның ар-намысы мен абыройы. Оны қорғау үшін адамның сыртынан айтылған ғайбатқа тосқауыл қою керек. Өйткені ғайбат абыройға нұқсан келтіреді.

2. Араб тілінде «бет» сөзі бүкіл адамды да білдіреді. Беттен отты қайтару – адамды азаптан сақтау.

  1. 1Тирмизи, «Бирр», 20-тарау, №1931.