Хадис

Кутуб ситтә, № 3367

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
455. № 3361–3372 хадистер
Нөмірі
№ 3367 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
3367
Кутуб ситтә, № 3367 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا دُعِيَ أَحَدُكُمْ إِلَى طَعَامٍ فَجَاءَ مَعَ الرَّسُولِ، فَإِنَّ ذَلِكَ إِذْنٌ لَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) “Араларыңнан біреу асқа шақырылып, хабаршыға еріп келсе, сол оған кіруге рұқсат болып саналады”, – деді»1.

Түсіндірме

Үй иесі біреуді хабаршымен шақыртса, шақырылған адам сол хабаршымен келгенде, қайта рұқсат сұрауы міндетті емес. Үй ішінде әйелдер де бар болса, сақтық үшін рұқсат сұрауға болады. Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Һурайраны (р.а.) суффа сахабаларына жіберіп, бәрін үйіне шақыртқан. Олар келгенде рұқсат сұрап кірген. Осыған сүйенген ғалымдар хабаршымен келгенде де рұқсат сұрауды мұстахаб санаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 140-тарау, №5189–5190.