Хадис

Кутуб ситтә, № 3445

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
465. Өзге хадистер
Нөмірі
№ 3445 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
3445
Кутуб ситтә, № 3445 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَا أَبَا ذَرٍّ فَقُلْتُ: لَبَّيْكَ وَسَعْدَيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ وَأَنَا فِدَاؤُكَ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мені: “Уа, Әбу Зәрр!” – деп шақырды. Мен: “Уа, Алланың Елшісі! Құлағым сізде, айтқаныңызға әзірмін. Жаным сізге садаға!” – дедім»1.

Түсіндірме

Бұл риуаят үлкен кісіге құрмет білдіріп, «Жаным сізге садаға» немесе «Құрбаныңыз болайын» деуге болатынына дәлел ретінде келтіріледі. Әбу Бәкір ибн Әбу Асым мұндай сөзді ел басшысына, үлкен кісіге, ғалымға және жақсы көрген бауырына айтуға болады деген. Оның пікірінше, мұны сүйіспеншілік пен құрмет ниетімен айтқан жан сауап та алады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Зәррге мұндай сөзді айтуға тыйым салмаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдеп: 162, (5226).