وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: الْمَرْءُ عَلَى دِينِ خَلِيلِهِ فَلْيَنْظُرْ أَحَدُكُمْ مَنْ يُخَالِلُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Адам жақын досының дінін ұстанады. Сондықтан әрқайсың кіммен достасатыныңа қара»1.
Түсіндірме
Бұл хадис достың адам өміріне ықпалын аңғартады. Адамның жақын араласатын кісісі оның сеніміне, мінезіне, жүріс-тұрысы мен дүниетанымына әсер етеді.
Сондықтан әділ, шыншыл, мінезі көркем адаммен достасқан абзал. Түсіндірмеде осы ойға орай мүшріктермен бірге тұру жайында ескертілген басқа бір риуаят та келтіріледі.
- 1Әбу Дәуіт, Әдеп: 19, (4833); Тирмизи, Зүһд: 45, (2379).