وَعَنْ أَبِي ثَعْلَبَةَ الْخُشَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا بِأَرْضِ قَوْمٍ أَهْلِ كِتَابٍ، أَفَنَأْكُلُ فِي آنِيَتِهِمْ؟ وَبِأَرْضِ صَيْدٍ، أَصِيدُ بِكَلْبِي الْمُعَلَّمِ وَبِقَوْسِي وَبِكَلْبِي الَّذِي لَيْسَ بِمُعَلَّمٍ، فَمَا يَصْلُحُ لِي؟ قَالَ: أَمَّا مَا ذَكَرْتَ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ، فَإِنْ وَجَدْتُمْ غَيْرَهَا فَلَا تَأْكُلُوا فِيهَا، وَإِنْ لَمْ تَجِدُوا فَاغْسِلُوهَا وَكُلُوا فِيهَا، وَمَا صِدْتَ بِقَوْسِكَ وَذَكَرْتَ اسْمَ اللَّهِ عَلَيْهِ فَكُلْ، وَمَا صِدْتَ بِكَلْبِكَ الْمُعَلَّمِ فَذَكَرْتَ اسْمَ اللَّهِ عَلَيْهِ فَكُلْ، وَمَا صِدْتَ بِكَلْبِكَ غَيْرِ الْمُعَلَّمِ فَأَدْرَكْتَ ذَكَاتَهُ فَكُلْ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.
Әбу Сағлаба әл-Хушани (р.а.) былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Біз кітап иелері тұратын өлкедеміз. Олардың ыдыстарынан ас ішуге бола ма? Бұл – аңды өлке. Аңды садақпен де, үйретілген итіммен де, үйретілмеген итіммен де аулаймын. Солардың қайсысын жеуіме болады? – деп сұрадым. Алла елшісі (с.а.с.): “Кітап иелерінің ыдысына келсек, басқа ыдыс тапсаңдар, олардың ыдысынан ас ішпеңдер. Басқа ыдыс таппасаңдар, оларды жуып, содан ас ішіңдер. Алланың атын атап, садақпен атқан аңыңды же. Алланың атын атап салған үйретілген итің ұстаған аңды да же. Үйретілмеген итің ұстаған аңды тірідей тауып, бауыздап үлгерсең, оны да же”, – деді»1.
- 1Бұхари, «Сайд», 4, 10, 14 (5478, 5488 және 5496). Мүслим, «Сайд», 8 (1930). Әбу Дәуіт, «Сайд», 2 (2850, 2855–2857). Тирмизи, «Сайд», 1 (1464). Нәсәи, «Сайд», 4 (7/181).