وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا. أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنِ احْتَكَرَ طَعَامًا أَرْبَعِينَ يَوْمًا يُرِيدُ بِهِ الْغَلَاءَ فَقَدْ بَرِئَ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى وَبَرِئَ اللَّهُ تَعَالَى مِنْهُ».
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.анһума) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Кім азық-түлікті қымбаттату ниетімен қырық күн бойы сатпай ұстаса, ол Алладан теріс айналған болады, Алла да одан теріс айналады».1
- 1Бұл хадис Ахмад ибн Ханбалдың Муснәдінде (2, 33) айтылған. Мәжмағуз-Зауаидте бұдан бөлек Әбу Яғла әл-Мәусилидің және Бәззардың Муснәдтерінде, Табаранидің «Муғжәмул-Аусат» атты еңбегінде риуаят етілгені айтылған.