Хадис

Кутуб ситтә, № 3536

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
480. Истинжа. Истинжаның әдебі
Нөмірі
№ 3536 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
3536
Кутуб ситтә, № 3536 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَىٰ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ فَأَرَادَ أَنْ يَبُولَ فَأَتَىٰ دَمِثًا فِي أَصْلِ جِدَارٍ فَبَالَ، ثُمَّ قَالَ: إِذَا أَرَادَ أَحَدُكُمْ أَنْ يَبُولَ فَلْيَرْتَدْ لِبَوْلِهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الدَّمِثُ»: الْمَوْضُعُ اللَّيِّنُ الَّذِي فِيهِ رَمْلٌ. «وَالِارْتِيَادُ»: التَّطَلُّبُ، وَاخْتِيَارُ الْمَوْضِعِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алла елшісінің (с.а.с.) жанында едім. Ол кіші дәрет сындырмақ болып, дуал түбіндегі құмдауыт, жұмсақ жерге барды. Әжетін өтеген соң: “Бірің кіші дәрет сындырмақ болсаңдар, соған қолайлы жер іздеңдер”, – деді».1

Түсіндірме

Хадисте кіші дәрет сындыру үшін жұмсақ жер іздеу керектігі айтылады. Қатты жерге түскен зәр жан-жаққа шашырап, үсті-басты былғауы мүмкін. Алла елшісі (с.а.с.) осыдан сақтану үшін жұмсақтау жер таңдаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (3).