Хадис

Кутуб ситтә, № 3565

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
480. Истинжа. Истинжаның әдебі
Нөмірі
№ 3565 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 30
3565
Кутуб ситтә, № 3565 · тараудағы реті: 30Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا دَخَلَ الْخَلَاءَ وَضَعَ خَاتَمَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) әжетханаға кіргенде, жүзігін шешетін».1

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) әжетханаға кірерде жүзігін ондағы жазуға құрмет көрсетіп шешкен болуы мүмкін. Жүзігіне «Мұхаммәд расулуллаһ» деп жазылған еді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (19) • Тирмизи, «Либас» (1746) • Нәсәи, «Зинет», 54 (8/178).