Хадис

№ 402–406 хадистер

Кутуб ситтә, 2-том, 49-тарау · 5 хадис · № 402–406

САУДА-САТТЫҚ (БӘЙҒ) БӨЛІМІ

Хадистер

402
Кутуб ситтә, № 402 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا. «أَنَّ رَجُلًا ابْتَاعَ غُلَامًا فَأَقَامَ عِنْدَهُ مَا شَاءَ اللَّهُ ثُمَّ وَجَدَ بِهِ عَيْبًا فَخَاصَمَهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَرَدَّهُ عَلَيْهِ، فَقَالَ الرَّجُلُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ قَدِ اسْتَغَلَّ غُلَامِي، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: اَلْخَرَاجُ بِالضَّمَانِ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Бір кісі құл сатып алды. Құл оның қасында Алла қалаған уақыт бойы тұрды. Содан соң сатып алушы оның бойынан бір кемшілік тауып, сатушымен дауын Алла елшісіне (с.а.с.) апарды. Алла елшісі (с.а.с.) құлды сатушыға қайтарып берді. Сатушы: “Уа, Алланың елшісі! Ол құлымды пайдаланып, пайда тапты ғой”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Табыс мүліктің шығынына жауапты кісіге тиесілі”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Буюғ: 71, (3508, 3509, 3510); Тирмизи, Буюғ: 53 (1285); Нәсәи, Буюғ: 15, (8, 254-255); Ибн Мәжа, Тижарат: 43, (2242-2243).
403
Кутуб ситтә, № 403 · тараудағы реті: 2

وَفِي أُخْرَى لِلنَّسَائِي: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ قَضَى أَنَّ الْخَرَاجَ بِالضَّمَانِ، وَنَهَى عَنْ رِبْحٍ مَا لَمْ يَضْمَنْ».

Қазақша аудармасы

Нәсәидің басқа бір риуаятында былай делінген: «Алла елшісі (с.а.с.) табысты мүліктің шығынына жауапты кісіге тиесілі деп шешті әрі шығынына жауап бермейтін мүліктен пайда табуға тыйым салды».

404
Кутуб ситтә, № 404 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

وَعَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «عُهْدَةُ الرَّقِيقِ ثَلَاثَةُ أَيَّامٍ». وَفِي رِوَايَةٍ زِيَادَةٌ: «إِنْ وَجَدَ دَاءً فِي الثَّلَاثِ اللَّيَالِي رُدَّ بِغَيْرِ بَيِّنَةٍ، وَإِنْ وَجَدَ دَاءً بَعْدَ الثَّلَاثِ كُلِّفَ الْبَيِّنَةَ أَنَّهُ اشْتَرَاهُ وَبِهِ هَذَا الدَّاءُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدُ.

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Сатып алынған құлды қайтару кепілдігі үш күнге созылады». Басқа бір риуаятта былай толықтырылған: «Сатып алушы құлдың ауруын алғашқы үш түн ішінде байқаса, дәлел келтірмей-ақ оны сатушыға қайтара алады. Ауруды үш күннен кейін байқаса, құлды сатып алғанда осы ауруы болғанын дәлелдеуге міндетті».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Буйуғ: 72 (3506, 3507). Әбу Дәуіт №3507-дегі толықтыруды Қатаданың түсіндірмесі деп көрсеткен.
405
Кутуб ситтә, № 405 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ أَبِي سَلَمَةَ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ: «أَنَّ عَبْدَ الرَّحْمَنِ بْنَ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ اشْتَرَى جَارِيَةً مِنْ عَاصِمِ بْنِ عَدِيٍّ فَوَجَدَهَا ذَاتَ زَوْجٍ فَرَدَّهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сәләма ибн Абдуррахман ибн Ауф былай дейді: «Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) Асим ибн Адиден бір күң сатып алған еді. Күңнің күйеуі бар екенін білгенде, оны қайтарып берді».1

  1. 1Муатта, Буйуғ: 8 (2, 617).
406
Кутуб ситтә, № 406 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّهُ بَاعَ غُلَامًا بِثَمَانِمِائَةِ دِرْهَمٍ وَبَاعَهُ عَلَى الْبَرَاءَةِ فَقَالَ الَّذِي ابْتَاعَهُ: بِالْغُلَامِ دَاءٌ لَمْ تُسَمِّهِ لِي، فَاخْتَصَمَا إِلَى عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَالَ الرَّجُلُ: بَاعَنِي عَبْدًا وَبِهِ دَاءٌ لَمْ يُسَمِّهِ لِي. فَقَالَ عَبْدُاللَّهِ: بِعْتُهُ بِالْبَرَاءَةِ فَقَضَى عُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَلَى ابْنِ عُمَرَ أَنْ يَحْلِفَ لَهُ لَقَدْ بَاعَهُ الْعَبْدَ وَمَا بِهِ دَاءٌ يَعْلَمُهُ. فَأَبَى أَنْ يَحْلِفَ فَارْتَجَعَ الْعَبْدَ فَصَحَّ عِنْدَهُ فَبَاعَهُ بَعْدَ ذَلِكَ بِأَلْفٍ وَخَمْسِمِائَةِ دِرْهَمٍ». أَخْرَجَهُمَا مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.анһума) бір құлын сегіз жүз дирһамға сатты. Сатқанда құлдың кемшілігі үшін жауап бермейтінін шарт етті. Сатып алушы: «Құлдың ауруы бар екен, маған айтпадыңыз», – деді. Екеуі Османның (р.а.) төрелігіне жүгінді. Сатып алушы: «Маған ауру құл сатты, ауруын айтқан жоқ», – деді. Абдулла: «Кемшілігі үшін жауап бермейтінімді шарт етіп саттым», – деп жауап берді. Осман Ибн Омарға құлды сатқан кезде оның ешбір ауруын білмегенін айтып ант беруді бұйырды. Ибн Омар ант беруден бас тартып, құлды қайтарып алды. Құл оның қолында жазылып шыққаннан кейін, оны мың бес жүз дирһамға сатты.1

  1. 1Муатта, Буюғ: 4, (2, 613).