وَعَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «عُهْدَةُ الرَّقِيقِ ثَلَاثَةُ أَيَّامٍ». وَفِي رِوَايَةٍ زِيَادَةٌ: «إِنْ وَجَدَ دَاءً فِي الثَّلَاثِ اللَّيَالِي رُدَّ بِغَيْرِ بَيِّنَةٍ، وَإِنْ وَجَدَ دَاءً بَعْدَ الثَّلَاثِ كُلِّفَ الْبَيِّنَةَ أَنَّهُ اشْتَرَاهُ وَبِهِ هَذَا الدَّاءُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدُ.
Қазақша аудармасы
Уқба ибн Амир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Сатып алынған құлды қайтару кепілдігі үш күнге созылады». Басқа бір риуаятта былай толықтырылған: «Сатып алушы құлдың ауруын алғашқы үш түн ішінде байқаса, дәлел келтірмей-ақ оны сатушыға қайтара алады. Ауруды үш күннен кейін байқаса, құлды сатып алғанда осы ауруы болғанын дәлелдеуге міндетті».1
- 1Әбу Дәуіт, Буйуғ: 72 (3506, 3507). Әбу Дәуіт №3507-дегі толықтыруды Қатаданың түсіндірмесі деп көрсеткен.