Хадис

Кутуб ситтә, № 3668

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
497. Әйелге жанасу
Нөмірі
№ 3668 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
3668
Кутуб ситтә, № 3668 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَبَّلَ امْرَأَةً مِنْ نِسَائِهِ، ثُمَّ خَرَجَ إِلَى الصَّلَاةِ وَلَمْ يَتَوَضَّأْ. قَالَ عُرْوَةُ: فَقُلْتُ لَهَا: وَمَنْ هِيَ إِلَّا أَنْتِ؟ فَضَحِكَتْ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жұбайларының бірін сүйді де, дәретін жаңартпай намазға шықты».

Риуаятты жеткізген Уруа (Алла оны рақымына бөлесін): «Оған: “Ол жұбайы өзіңізден басқа кім болушы еді?” – дедім. Айша күліп жіберді», – дейді.1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат», 69 (178–180). Тирмизи, «Таһарат», 63 (86). Нәсәи, «Таһарат», 121 (1/104). Ибн Мәжа, «Таһарат», 69 (502).