Хадис

Кутуб ситтә, № 3733

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
506. Жүніп күйден тазару үшін ғұсыл алу
Нөмірі
№ 3733 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
3733
Кутуб ситтә, № 3733 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا جَلَسَ بَيْنَ شُعَبِهَا الْأَرْبَعِ، ثُمَّ جَهَدَهَا، فَقَدْ وَجَبَ الْغُسْلُ». زَادَ فِي رِوَايَةٍ: «وَإِنْ لَمْ يُنْزِلْ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. وَعِنْدَ أَبِي دَاوُدَ بَعْدَ قَوْلِهِ «الْأَرْبَعِ»: «فَأَلْزَقَ الْخِتَانَ بِالْخِتَانِ، فَقَدْ وَجَبَ الْغُسْلُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Ер кісі әйелдің төрт мүшесінің арасына жайғасып, онымен жақындасса, ғұсыл алу міндетті болады», – деген.

Бір риуаятта «Ұрық шықпаса да» деген қосымша бар.

Әбу Дәуіттің риуаятында «төрт мүшесі» дегеннен кейін «Екі хитан бір-біріне тисе, ғұсыл алу міндетті болады» делінген.