وَعَنْ أَبِي رَافِعٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ «طَافَ ذَاتَ يَوْمٍ عَلَى نِسَائِهِ وَيَغْتَسِلُ عِنْدَ هَذِهِ وَعِنْدَ هَذِهِ». قَالَ: فَقُلْتُ لَهُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَلَا تَجْعَلُهُ غُسْلًا وَاحِدًا آخِرًا؟ قَالَ: «هَذَا أَزْكَى وَأَطْيَبُ وَأَطْهَرُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «الزَّكَاءُ»: الطَّهَارَةُ وَالنَّمَاءُ.
Қазақша аудармасы
Әбу Рафиғ (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір күні жұбайларының бәріне барып, әрқайсысының қасында жеке-жеке ғұсыл алды. “Уа, Алланың елшісі, бәрінен соң бір-ақ рет ғұсыл алсаңыз болмай ма?” – деп сұрадым. Ол: “Осылай істеген абзалырақ, ұнамдырақ әрі тазарақ”, – деді»1.
- 1Әбу Дәуіт, «Таһарат», 86 (219).