Хадис

Кутуб ситтә, № 3768

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
506. Жүніп күйден тазару үшін ғұсыл алу
Нөмірі
№ 3768 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 36
3768
Кутуб ситтә, № 3768 · тараудағы реті: 36Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «رُبَّمَا اغْتَسَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنَ الْجَنَابَةِ، ثُمَّ جَاءَ فَاسْتَدْفَأَ بِي، فَضَمَمْتُهُ إِلَيَّ وَأَنَا لَمْ أَغْتَسِلْ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) кейде жүніптіктен ғұсыл алып келіп, маған жылынатын. Мен әлі ғұсыл алмаған күйімде оны бауырыма басатынмын».1

  1. 1Тирмизи, «Таһарат» (123). Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте», 10/546.