وَعَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ يَسَارٍ: «أَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ صَلَّىٰ بِالنَّاسِ الصُّبْحَ، ثُمَّ غَدَا إِلَىٰ أَرْضِهِ بِالْجُرُفِ، فَوَجَدَ فِي ثَوْبِهِ احْتِلَامًا. فَقَالَ: إِنَّا لَمَّا أَصَبْنَا الْوَدَكَ لَانَتِ الْعُرُوقُ. فَاغْتَسَلَ وَغَسَلَ الِاحْتِلَامَ مِنْ ثَوْبِهِ، وَعَادَ لِصَلَاتِهِ».
Қазақша аудармасы
Сүлеймен ибн Ясар (рахимаһуллаһ) былай жеткізеді: «Омар (р.а.) жамағатқа таң намазын оқытты. Содан соң Журуфтағы жеріне барып, киіміне мәни жұққанын көрді. “Май жей бастағалы тамырларымыз босаңсыды”, – деді. Ғұсыл алды, киіміндегі мәниді жуып кетірді де, намазын қайта оқыды».1
- 1Мәлік, «Муатта», «Таһарат», 80–82 (1/49). Ибраһим Жанан, «Күтүб-и ситте», 11/7.