عَنْ نُمَيْلَةَ الْأَنْصَارِيِّ قَالَ: «كُنْتُ عِنْدَ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَسُئِلَ عَنْ أَكْلِ الْقُنْفُذِ، فَتَلَا: قُلْ لَا أَجِدُ فِيمَا أُوحِيَ إِلَيَّ مُحَرَّمًا عَلَى طَاعِمٍ يَطْعَمُهُ، الْآيَةَ. فَقَالَ شَيْخٌ عِنْدَهُ: سَمِعْتُ أَبَا هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: ذُكِرَ الْقُنْفُذُ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: خَبِيثَةٌ مِنَ الْخَبَائِثِ، فَقَالَ ابْنُ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: إِنْ كَانَ قَالَ هَذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَهُوَ كَمَا قَالَ مَا لَمْ نَدْرِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Нумәйлә әл-Ансари айтады: «Мен Ибн Омардың (р.а.) қасында едім. Одан кірпінің етін жеу туралы сұрағанда, ол “Әнғам” сүресінің 145-аятын оқыды: ﴿قُل لَّآ أَجِدُ فِى مَآ أُوحِىَ إِلَىَّ مُحَرَّمًا عَلَىٰ طَاعِمٍ يَطْعَمُهُۥٓ إِلَّآ أَن يَكُونَ مَيْتَةً أَوْ دَمًا مَّسْفُوحًا أَوْ لَحْمَ خِنزِيرٍ فَإِنَّهُۥ رِجْسٌ أَوْ فِسْقًا أُهِلَّ لِغَيْرِ ٱللَّهِ بِهِۦ فَمَنِ ٱضْطُرَّ غَيْرَ بَاغٍ وَلَا عَادٍ فَإِنَّ رَبَّكَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ﴾ “Ендеше, оларға: ‘Маған келген уахидан осы айтқандарыңның ешбірінің жегісі келген жанға харам етілгенін көрген жоқпын. Тек өлексе, ағызылған қан, доңыз еті, өйткені ол нас, арам жануар немесе Алладан өзгенің атымен шалынған мал болса, оның жөні басқа. Алайда бұлардан жеуге мәжбүр болған жағдайда, мұқтаждық шегінен асырмау һәм біреудің ақысына қол сұқпау шартымен жесе болады. Шүбәсіз, Раббың өте кешірімді, ерекше мейірімді!’ – деп айт”.
Сол жерде отырған бір қария: “Әбу Һурайраның (р.а.) ‘Алла елшісінің (с.а.с.) алдында кірпі жайында сөз болғанда, ол кірпіні лас нәрселердің бірі деді’ дегенін естідім”, – деді. Ибн Омар: “Мұны Алла елшісі айтқан болса, онда біз білмеген нәрсе ол кісінің айтқанындай”, – деді».1
Түсіндірме
Бұл риуаятта кірпі лас жануарлардың бірі деп сипатталған. Құранда лас нәрселердің харам етілгені айтылғанымен, кірпінің үкімі жайында пікір бірдей емес. «Субул әс-сәләмда» Рафиғидің екі көзқарасты атағаны жазылған. Әбу Ханифа мен Ахмад ибн Ханбал хадистегі «лас» деген сипатқа сүйеніп, кірпіні харам санаған. Имам Мәлик пен Ибн Әбу Ләйла оны адал деп білген.
- 1Әбу Дәуіт, Атғима 30 (3799).