Хадис

Кутуб ситтә, № 442

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 442 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
442
Кутуб ситтә, № 442 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَعْثًا وَهُمْ ذُو عَدَدٍ، فَاسْتَقْرَأَهُمْ، فَقَرَأَ كُلُّ رَجُلٍ مِنْهُمْ مَا مَعَهُ مِنَ الْقُرْآنِ، فَأَتَى عَلَى رَجُلٍ مِنْ أَحْدَثِهِمْ سِنًّا، فَقَالَ: مَا مَعَكَ أَنْتَ يَا فُلَانُ؟ قَالَ: مَعِي كَذَا وَكَذَا وَسُورَةُ الْبَقَرَةِ. قَالَ: أَمَعَكَ سُورَةُ الْبَقَرَةِ؟ فَقَالَ: نَعَمْ. قَالَ: اذْهَبْ فَأَنْتَ أَمِيرُهُمْ. فَإِنَّهَا إِنْ كَادَتْ لَتَسْتَحْصِي الدِّينَ كُلَّهُ. فَقَالَ رَجُلٌ مِنْ أَشْرَافِهِمْ: وَاللَّهِ مَا مَنَعَنِي يَا رَسُولَ اللَّهِ أَنْ أَتَعَلَّمَهَا إِلَّا خَشْيَةَ أَنْ لَا أَقُومَ بِمَا فِيهَا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: تَعَلَّمُوا الْقُرْآنَ وَاقْرَؤُوهُ وَقُومُوا بِهِ، فَإِنَّ مَثَلَ الْقُرْآنِ لِمَنْ تَعَلَّمَهُ فَقَرَأَهُ وَقَامَ بِهِ كَمَثَلِ جِرَابٍ مَحْشُوٍّ مِسْكًا يَفُوحُ رِيحُهُ كُلَّ مَكَانٍ، وَمَثَلُ مَنْ تَعَلَّمَهُ وَرَقَدَ عَنْهُ وَهُوَ فِي جَوْفِهِ كَمَثَلِ جِرَابٍ أُوكِيَ عَلَى مِسْكٍ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) көп адамнан құралған жасақты жорыққа аттандырмақ болды. Әрқайсысына Құраннан білетінін оқытты. Кезек араларындағы ең жас жігіттердің біріне келгенде: “Уа, пәленше, сен Құраннан не білесің?” – деп сұрады. Ол: “Мынадай сүрелерді және ‘Бақара’ сүресін білемін”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “‘Бақара’ сүресін білесің бе?” – деп қайта сұрады. Жігіт “Иә” дегенде: “Жолға шық. Сен олардың басшысысың”, – деді. Бұл сүре діннің бүкіл үкімін дерлік қамтиды. Сонда топтың беделді кісілерінің бірі: “Аллаға ант етемін, уа, Алланың елшісі! ‘Бақараны’ үйренуіме ондағы әмірлерге сай амал ете алмай қалам ба деген қорқыныш қана бөгет болды”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Құранды үйреніңдер, оқыңдар және соған сай амал етіңдер. Құранды үйреніп, оқып, соған сай амал еткен адам – жұпар иісі жан-жаққа тарайтын, іші мискке толы дорба тәрізді. Құранды үйреніп, оны көкірегіне тоқығанымен, оқымай ұйықтап қалған адам – аузы буылған миск дорбасы тәрізді”, – деді».1

وَالْإِيكَاءُ: الشَّدُّ.

  1. 1Тирмизи, «Сауабул-Құран», № 2876. «Бұл сүре діннің бүкіл үкімін дерлік қамтиды» деген сөйлем Ибн әд-Дәйбағтың «Тәйсирул-усул» еңбегінде (1-том, 90-бет) бар.