Хадис

Кутуб ситтә, № 450

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 450 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 10
450
Кутуб ситтә, № 450 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ صَلَّيْنَا خَلْفَ الْمَقَامِ. فَنَزَلَتْ: ﴿وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى﴾». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Алла елшісіне (с.а.с.): “Уа, Алланың елшісі, тауаптан кейінгі екі рәкатты Мақамның артында оқысақ қой”, – деді. Сонда “Ибраһим мақамын намаз оқитын орын етіңдер”1 деген аят түсті».2

Түсіндірме

Риуаятта әзірет Омардың (р.а.) тілегіне сай аят түскені айтылады. Бұған ұқсас бірнеше оқиға болған. Бір риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) Омардың қолынан ұстап, Қағбаның жанындағы Мақамды көрсетіп: «Бұл – Ибраһим мақамы», – дейді. Омар: «Осы тұсты намаз оқитын орын етсеңіз қайтеді?» – деп сұрайды. Алла елшісі (с.а.с.): «Маған ондай әмір келген жоқ», – деп жауап береді. Күн батпай жатып жоғарыдағы аят түскен. Ибраһим мақамы – әзірет Ибраһим (а.с.) Қағбаны тұрғызғанда мінбе етіп пайдаланған немесе жұртты қажылыққа шақырғанда үстіне шыққан тас тұрған орын. Бұл мақам бүгінге дейін сақталған. Тауаптан кейін оның артында екі рәкат намаз оқылады.

  1. 1«Бақара» сүресі, 125-аят.
  2. 2Бұхари, «Тәпсір», № 4483, «Салат», № 402. Мүслим, «Фадаилус-сахаба», № 2399. Тирмизи, «Тәпсір», № 2960. Омардың тілегіне сай түскен басқа аят туралы: Бұхари, «Ахзаб» сүресінің тәпсірі, № 4790.