Хадис

Кутуб ситтә, № 456

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 456 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 16
456
Кутуб ситтә, № 456 · тараудағы реті: 16

وَعَنْ عُرْوَةَ بْنِ الزُّبَيْرِ قَالَ: «سَأَلْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَنْ قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اعْتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ يَطَّوَّفَ بِهِمَا﴾، قُلْتُ: فَوَاللَّهِ مَا عَلَى أَحَدٍ جُنَاحٌ أَنْ لَا يَطَّوَّفَ بِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ. فَقَالَتْ: بِئْسَ مَا قُلْتَ يَا ابْنَ أُخْتِي! إِنَّ هَٰذِهِ لَوْ كَانَتْ عَلَى مَا أَوَّلْتَهَا كَانَتْ: لَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ لَا يَطَّوَّفَ بِهِمَا. وَلَكِنَّهَا أُنْزِلَتْ فِي الْأَنْصَارِ، كَانُوا قَبْلَ أَنْ يُسْلِمُوا يُهِلُّونَ لِمَنَاةَ الطَّاغِيَةِ الَّتِي كَانُوا يَعْبُدُونَهَا عِنْدَ الْمُشَلَّلِ. وَكَانَ مَنْ أَهَلَّ لَهَا يَتَحَرَّجُ أَنْ يَطُوفَ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ. فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ﴾ الْآيَةَ. قَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: وَقَدْ سَنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الطَّوَافَ بَيْنَهُمَا، فَلَيْسَ لِأَحَدٍ أَنْ يَتْرُكَهُ. قَالَ الزُّهْرِيُّ: فَأَخْبَرْتُ أَبَا بَكْرِ بْنَ عَبْدِ الرَّحْمَٰنِ، فَقَالَ: إِنَّ هَٰذَا لَعِلْمٌ مَا كُنْتُ سَمِعْتُهُ، وَلَقَدْ سَمِعْتُ رِجَالًا مِنْ أَهْلِ الْعِلْمِ يَذْكُرُونَ أَنَّ النَّاسَ إِلَّا مَنْ ذَكَرَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا مِمَّنْ كَانَ يُهِلُّ لِمَنَاةَ كَانُوا يَطُوفُونَ كُلُّهُمْ بِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، فَلَمَّا ذَكَرَ اللَّهُ تَعَالَى الطَّوَافَ بِالْبَيْتِ وَلَمْ يَذْكُرِ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ فِي الْقُرْآنِ، قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كُنَّا نَطُوفُ بِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، وَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى أَنْزَلَ الطَّوَافَ بِالْبَيْتِ وَلَمْ يَذْكُرِ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ، فَهَلْ عَلَيْنَا مِنْ حَرَجٍ أَنْ نَطَّوَّفَ بِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ؟ فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى ﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اعْتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ يَطَّوَّفَ بِهِمَا﴾. قَالَ أَبُو بَكْرٍ: فَأَسْمَعُ هَٰذِهِ الْآيَةَ نَزَلَتْ فِي الْفَرِيقَيْنِ كِلَيْهِمَا، فِي الَّذِينَ كَانُوا يَتَحَرَّجُونَ أَنْ يَطُوفُوا فِي الْجَاهِلِيَّةِ بِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، وَالَّذِينَ كَانُوا يَطُوفُونَ ثُمَّ تَحَرَّجُوا أَنْ يَطُوفُوا بِهِمَا فِي الْإِسْلَامِ مِنْ أَجْلِ أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى أَمَرَ بِالطَّوَافِ بِالْبَيْتِ وَلَمْ يَذْكُرِ الصَّفَا حَتَّى ذَكَرَ ذَٰلِكَ بَعْدَ مَا ذَكَرَ الطَّوَافَ بِالْبَيْتِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Уруа ибн Зубәйір (р.а.) былай дейді: «Айшадан (р.а.): “Сафа мен Мәруа – Алланың (һәм хақ дін Исламның) қасиетті нышандарының бірі. Кімде-кім қажылық парызын өтеу немесе ұмра жасау ниетімен Бәйтулланы (Қағбаны) зиярат етсе, онда (парыз тауаптан кейін) аталмыш екі төбенің арасында сағи жасаса, күнә арқаламайды (керісінше, сағи жасауы керек)”1, – деген аят жайында сұрадым.

Мен: “Аллаға серт, Сафа мен Мәруа арасында сағи жасамаған адамға күнә жоқ екен ғой”, – дедім. Сонда Айша (р.а.): “Жиенім-ау, мұның не деген сөз! Аяттың мағынасы сен ұққандай болса, ‘Екеуінің арасында сағи жасамаса, күнә арқаламайды’ делінер еді. Бұл аят ансарлар жайында түскен. Исламды қабылдамай тұрған кезде олар Мүшәлләл маңындағы Манат пұтына табынып, соның құрметіне тәлбия айтатын. Манат үшін тәлбия айтқандар Сафа мен Мәруа арасында сағи жасаудан тартынатын. Сонда Алла тағала: ‘Сафа мен Мәруа – Алланың (һәм хақ дін Исламның) қасиетті нышандарының бірі...’ – деген аятты түсірді”, – деді».

Айша (р.а.) тағы былай деді: «Алла елшісі (с.а.с.) Сафа мен Мәруа арасында сағи жасауды сүннет етіп бекітті. Оны ешкімнің тәрк етуіне болмайды».

Зуһри былай дейді: «Бұл хадисті Әбу Бәкір ибн Абдуррахманға жеткіздім. Ол: “Мұны бұрын естімеппін. Алайда ілім иелерінің айтуынша, Айша (р.а.) атаған Манат үшін тәлбия айтушылардан өзге жұрттың бәрі Сафа мен Мәруа арасында сағи жасаған. Алла тағала Қағбаны тауап етуді бұйырып, Құранда Сафа мен Мәруа туралы айтылмағанда, олар: ‘Уа, Алланың елшісі! Бұрын Сафа мен Мәруа арасында сағи жасайтын едік. Алла Қағбаны тауап етуді бұйырды, ал Сафа мен Мәруа туралы ештеңе айтпады. Енді олардың арасында сағи жасасақ, күнә бола ма?’ – деп сұраған. Сонда Алла тағала: ‘Сафа мен Мәруа – Алланың (һәм хақ дін Исламның) қасиетті нышандарының бірі. Кімде-кім қажылық парызын өтеу немесе ұмра жасау ниетімен Бәйтулланы (Қағбаны) зиярат етсе, онда (парыз тауаптан кейін) аталмыш екі төбенің арасында сағи жасаса, күнә арқаламайды (керісінше, сағи жасауы керек)’, – деген аятты түсірді”, – деді».

Әбу Бәкір ибн Абдуррахман сөзін былай түйіндеді: «Меніңше, бұл аят екі топқа да қатысты түскен. Бірінші топ жаһилия дәуірінде Сафа мен Мәруа арасында сағи жасаудан тартынған. Екінші топ бұған дейін сағи жасап келген. Алайда Ислам келгенде Алла тағала Қағбаны тауап етуді бұйырып, Сафа мен Мәруаны атамаған соң, олар да сағи жасаудан тартынған. Сафа мен Мәруа арасындағы сағи туралы үкім Қағбаны тауап ету үкімінен кейін айтылды».2

  1. 1«Бақара» сүресі, 158-аят.
  2. 2Бұхари, Хажж, 79 (1643), Ұмра, 10, Тәпсір, «Бақара», 21; Мүслим, Хажж, 260–263 (1277); Әбу Дәуіт, Манасик, 56 (1901); Тирмизи, Тәпсір, «Бақара» (2965; басқа басылымда 2969); Нәсәи, Манасик, 168 (5/238–239); Муатта, Хажж, 129 (1/373).