وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: نَزَلَ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿لَا يُؤَاخِذُكُمُ اللَّهُ بِاللَّغْوِ فِي أَيْمَانِكُمْ﴾ فِي قَوْلِ الرَّجُلِ: «لَا وَاللَّهِ، وَبَلَى وَاللَّهِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَمَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ، وَهَذَا لَفْظُ الْبُخَارِيِّ. وَرَوَاهُ أَبُو دَاوُدَ مَرْفُوعًا وَمَوْقُوفًا عَلَيْهَا.
Айша (р.а.) былай дейді: «Құрандағы “Алла сендерді байыбына бармай айтқан анттарың үшін жауапқа тартпайды”1 деген аят адамның сөз арасында әдетпен айтатын ‘Жоқ, Алланың атымен ант етемін’, ‘Иә, Алланың атымен ант етемін’ деген сияқты сөздеріне қатысты түсті».2
قَالَ مَالِكٌ فِي الْمُوَطَّإِ: أَحْسَنُ مَا سَمِعْتُ فِي ذَلِكَ أَنَّ اللَّغْوَ حَلِفُ الْإِنْسَانِ عَلَى الشَّيْءِ يَسْتَيْقِنُ أَنَّهُ كَذَلِكَ، ثُمَّ يُوجَدُ بِخِلَافِهِ، فَلَا كَفَّارَةَ فِيهِ. وَالَّذِي يَحْلِفُ عَلَى الشَّيْءِ وَهُوَ يَعْلَمُ أَنَّهُ فِيهِ آثِمٌ كَاذِبٌ لِيُرْضِيَ بِهِ أَحَدًا وَيَقْتَطِعَ بِهِ مَالًا، فَهَذَا أَعْظَمُ مِنْ أَنْ تَكُونَ لَهُ كَفَّارَةٌ.
Жоғарыдағы мәтін Бұхариден алынған. Әбу Дәуіт оны екі нұсқада, Алла елшісінің (с.а.с.) сөзі ретінде де, әзірет Айшаның (р.а.) сөзі ретінде де жеткізген.
Имам Мәлик «Муатта» еңбегінде осы хадиске қатысты былай дейді: «Бұл жайында естігенімнің ең дұрысы мынау. Лағу анты – адамның бір нәрсені анық солай деп біліп тұрып ант етуі, бірақ кейін оның басқаша болып шығуы. Мұндай антқа кәффарат қажет емес. Ал біреудің көңілін табу не біреудің малын иелену үшін өзінің өтірік айтып, күнә жасап тұрғанын біле тұра ант ету – кәффаратпен өтелмейтіндей ауыр іс»3.
Түсіндірме
Шариғат тілінде ешкімді алдауды көздемей, өзің дұрыс деп білген сөзді растау үшін тіл үйреншігімен айтылатын ант «лағу анты» деп аталады. Адам мұндай антта жаңылысса да, кәффарат өтеуі қажет емес. Ал біреуді алдау, өзгенің ақысына ие болу не біреуге жағыну секілді пайда көздеп, өтірік екенін біле тұра ант ішу – кәффаратпен өтелмейтін ауыр күнә. Істегеніне өкінген адам қол сұққан ақыны иесіне қайтарған соң тәубе етеді. Шын жүректен тәубе етіп, Алла тағаланың кешірімінен үміттенеді. Өйткені Ол – мейірімділердің ең мейірімдісі, күнәларды кешіруші.
Кәффарат көбіне келешекте бір істі істеу не істемеу жөнінде берілген антқа қатысты. Ант еткен адам сөзінде тұрмаса, кәффарат өтеуі керек.