Хадис

Кутуб ситтә, № 507

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 507 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 67
507
Кутуб ситтә, № 507 · тараудағы реті: 67Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ فِي قَوْلِهِ تَعَالَىٰ: ﴿وَلَا تَيَمَّمُوا الْخَبِيثَ مِنْهُ تُنْفِقُونَ﴾، قَالَ: «نَزَلَتْ فِينَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ، كُنَّا أَصْحَابَ نَخْلٍ، فَكَانَ الرَّجُلُ يَأْتِي مِنْ نَخْلِهِ عَلَىٰ قَدْرِ كَثْرَتِهِ وَقِلَّتِهِ، وَكَانَ الرَّجُلُ يَأْتِي بِالْقِنْوِ وَالْقِنْوَيْنِ فَيُعَلِّقُهُ فِي الْمَسْجِدِ، وَكَانَ أَهْلُ الصُّفَّةِ لَيْسَ لَهُمْ طَعَامٌ، فَكَانَ أَحَدُهُمْ إِذَا جَاعَ أَتَى الْقِنْوَ فَضَرَبَهُ بِعَصَاهُ فَيَسْقُطُ مِنَ الْبُسْرِ وَالتَّمْرِ فَيَأْكُلُ، وَكَانَ نَاسٌ مِمَّنْ لَا يَرْغَبُ فِي الْخَيْرِ يَأْتِي الرَّجُلُ بِالْقِنْوِ فِيهِ الشِّيصُ وَالْحَشَفُ وَبِالْقِنْوِ قَدِ انْكَسَرَ فَيُعَلِّقُهُ». فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَىٰ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنْفِقُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُمْ مِنَ الْأَرْضِ وَلَا تَيَمَّمُوا الْخَبِيثَ مِنْهُ تُنْفِقُونَ وَلَسْتُمْ بِآخِذِيهِ إِلَّا أَنْ تُغْمِضُوا فِيهِ﴾. قَالُوا: «لَوْ أَنَّ أَحَدَكُمْ أُهْدِيَ إِلَيْهِ مِثْلُ مَا أَعْطَىٰ، لَمْ يَأْخُذْهُ إِلَّا عَلَىٰ إِغْمَاضٍ وَحَيَاءٍ». قَالَ: «فَكُنَّا بَعْدَ ذَلِكَ يَأْتِي أَحَدُنَا بِصَالِحِ مَا عِنْدَهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.): «“Өздеріңе берілсе, жақтырмай алатын қадірі шамалы жаман дүниеден беруге тырыспаңдар” деген аят біз, ансарлар, жайлы түсті», – деп, былай түсіндірді: «Біз құрма өсіретін едік. Әркім өнімінің аз-көбіне қарай құрма әкелетін. Біреу бір, біреу екі шоқ құрма әкеліп, мешітке іліп қоятын. Суффа сахабаларының тамағы жоқ еді. Араларынан біреуінің қарны ашса, шоқты таяғымен қағып, піскен және шала піскен құрмаларды түсіріп жейтін. Жақсылық жасауға ықылассыз кейбіреулер жетілмеген, сапасыз құрмасы бар шоқты немесе сынып қалған шоқты әкеліп іліп кететін. Сонда Алла тағала мына аятты түсірді: “Уа, иман еткендер! Тапқан табыстарыңның, өндірген өнімдеріңнің және сендер үшін жерден Біз шығарған өнімдердің жақсы әрі адал болғанынан садақа беріңдер. Садақаны өздеріңе берілсе, жақтырмай алатын қадірі шамалы жаман дүниеден беруге тырыспаңдар”».1

Олар: «Қайсыбіріңе садақаға берген дүниеңдей дүние сыйға тартылса, оны кемшілігіне көз жұма әрі ұялғаннан ғана алар едің», – деді.

Бәра (р.а.): «Содан бастап әрқайсымыз қолымыздағының жақсысын әкелетін болдық», – деді.2

Түсіндірме

«الشِّيصُ» نَوْعٌ رَدِيءٌ مِنَ التَّمْرِ كَالْحَشَفِ وَنَحْوِهِ، وَقَدْ يَكُونُ فِيهِ نَوًى.

Мәтіндегі «шис» (الشِّيصُ) – қураған құрма секілді сапасыз құрманың бір түрі. Кейде оның сүйегі де болады.

Алғашқыда кейбір мұсылмандар жарамсыз, сапасыз дүниені де садақаға беруге болады деп ойлаған. Бұл риуаятта Суффа сахабаларына арналып Пайғамбар мешітіне ілінген құрма шоқтары сөз болады. Кейбіреулер шіріген, жетілмеген жемісі бар шоқтарды іліп кеткен. Аят осы әрекетке тыйым салып, өзіне берілсе көңілі толмайтын дүниені өзгеге бермеуге үндейді. Кейбір ғалымдар мұны зекетке берілетін мал-мүліктің сапасына қатысты талап деп түсінген. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, бұл талап садақаға, сыйлыққа және қайырымдылықтың өзге түрлеріне де қатысты.

  1. 1«Бақара» сүресі, 267-аят (үзінді).
  2. 2Тирмизи, «Тәпсір», «Бақара» (2987, кей басылымда 2990). Тирмизи хадисті «хасан, ғариб, сахих» деп бағалаған. Ибн Мәжа, «Зекет», 19 (1822).