وَعَنْ مَرْوَانَ الْأَصْفَرِ، عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فِي قَوْلِهِ تَعَالَىٰ: ﴿وَإِنْ تُبْدُوا مَا فِي أَنْفُسِكُمْ أَوْ تُخْفُوهُ يُحَاسِبْكُمْ بِهِ اللَّهُ فَيَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ﴾، قَالَ: «نَسَخَتْهَا الْآيَةُ الَّتِي بَعْدَهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.
Қазақша аудармасы
Мәруан әл-Әсфардың жеткізуінше, Абдулла ибн Омар (р.а.): «Іштеріңдегі жаман пиғылдарыңды жария етсеңдер де, жасырсаңдар да, Алла сендерді сол үшін жауапқа тартады. Содан кейін қалаған пендесін кешіреді, қалағанын азаптайды. Шүбәсіз, Алла барлық нәрсеге толық құдіретті!»1 – деген аяттың үкімі келесі аятпен жойылғанын айтқан.
- 1«Бақара» сүресі, 284-аят (үзінді). Бұхари, «Тәпсір», «Бақара», 54–55 (4545–4546).