عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْعَيْنُ حَقٌّ، وَلَوْ كَانَ شَىْءٌ سَابَقَ الْقَدَرَ سَبَقَتْهُ الْعَيْنُ، وَإِذَا اسْتُغْسِلْتُمْ فَاغْسِلُوا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِي، وَلَمْ يَذْكُرْ: الْعَيْنُ حَقٌّ.
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Көз тию – ақиқат. Егер бір нәрсе тағдырдан оза алса, көз тию озар еді. Сендерден жуынуды сұраса, жуыныңдар”, – деді».1
- 1Мүслим, «Сәлам», 42 (№2188). Тирмизи, «Тыбб», 19 (№2062, Жанан нөмірлеуінде №2063). Тирмизи нұсқасында «Көз тию – ақиқат» деген сөз жоқ.