وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا عَدْوَى وَلَا صَفَرَ وَلَا هَامَةَ. قَالَ أَعْرَابِيٌّ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا بَالُ الْإِبِلِ تَكُونُ فِي الرَّمْلِ كَأَنَّهَا الظِّبَاءُ، فَيَأْتِي الْبَعِيرُ الْأَجْرَبُ فَيَدْخُلُ فِيهَا فَيُجْرِبُهَا؟ فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فَمَنْ أَعْدَى الْأَوَّلَ؟». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Адуа да, сафар да, һама да жоқ”, – деді. Мұны естіген бір бәдәуи: “Уа, Алла елшісі! Құмда киіктей ширақ жүрген түйелердің арасына қотыр түйе кірсе, бәріне қотыр жұғады. Бұл қалай?” – деп сұрады. Алла елшісі: “Ал алғашқы түйеге қотырды кім жұқтырды?” – деді».1
- 1Бұхари, «Тибб», 54 (№ 5770). Мүслим, «Сәлем», 101 (№ 2220). Әбу Дәуіт, «Тибб», 24 (№ 3911–3915).